Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма кентінде ашық Қазақстан Кубогы жарысы аяқталды. Алматы қаласы мен Алматы облысының командалары жарыс жеңіспаздары атанды.

Ерлер арасындағы жарыста Алматы, Ақтау, Астана, Өскемен мен Қырғыстаннан 24 жұп жеңіске таласты. Нәтижесінде Алматыдан келген Дмитрий Яковлев пен Сергей Богат ойнаған «Ұшқын-Искра» командасы жеңімпаз атанды. Финалда олар құрамында Александр Бабичев пен Алексей Кулешов ойнайтын «Каспий-1» командасын қапы қалдырды. Үшінші орынды  «Каспий-2» (Артем Петросянц и Павел Алейник) командасы алды.

Әйелдер арасындағы жарыста Алматы, Алматы облысы, Астана, Ақтау және Өскеменнен келген 15 жұп жеңіске таласты. Финалдық кездесуде Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова («Жетісу») Бақытгүл Самаликова мен Анну Елеференко ны(«Каспий-1») жеңіп, Қазақстан Кубогының иегері атанды. Үшінші орынды Ақтаудан келген Анастасия Уколова мен Алена Чугайнова («Каспий-4») алды.

Айта кетейік, 22-шілде күні Бұқтырмада жағажай волейболынан ҚР чемпионатының үшінші туры өтеді.