Александр Недовесов финляндиялық Тампереде өтіп жатқан «Челленджердің» екінші айналымында жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші португалиялық Педро Соузаға жол берді - 5:7, 3:6.

Бір сағат, 10 минутқа созылған матчта Александр бір ғана брейк жасай алды. Сондай-ақ, еншісінде бір эйс бар.