Ресей теннис Федерациясының бұрынғы президенті Евгений Кафельников «Спорт-Экспресс» басылымына Дэвис Кубогының жеребесі жайлы айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, Дэвис кубогының плей-офф кездесуінде Қазақстан құрамасы Ресеймен күш сынасады. Бұл матч Ресей елінде өтеді.

«Ең бастысы өз жерімізде ойнаймыз. Ұзақ уақыттан кейін Әлемдік топқа іліну үшін бар күшімізді салуымыз қажет. Қазақстан – біз үшін ең қолайлы қарсылас», - деді Кафельников.