Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Рио Олимпиадасына қатыса алмайтын болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде мәлім етті.

«Өкінішке қарай, Уимблдонда алған жарақатымның кесірінен Рио Олимпиадасына қатыса алмаймын. Бірақ мен US Open және Дэвис кубогының матчтарына дейін дайын болу үшін барымды саламын», — деп жазды Михаил.

Айта кетейік, Кукушкин Олимпиадада ерлер арасынан теннис турнирінің жекелей сынына жолдама алған жалғыз спортшымыз болатын.

Айта кетейік, қыздар арасынан жекелей сында Юлия Путинцева мен Галина Воскобоева өнер көрсетеді. Ал Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева дуэті жұптық сында бақ сынайды.