Александр Недовесов финляндиялық Тампериде өтіп жатқан «Челленджердің» екінші айналымына шықты. Бүгін түнде қазақстандық теннисші швед Милош Секуличті жеңді.

Матч бір сағат, төрт минутқа ғана созылды. Осы уақыт ішінде Александр бес брейк жасай алды.

Келесі айналымда ол португалиялық Педро Соузамен күш сынасады.