Танымал футболшының құрамадан кету жөніндегі шешімінің ғұмыры бір аптадан әрі ұзамайтын болды. Бұл туралы BNews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.  

Месси құрамадан кететіндігін Америка Кубогында финалда Чилиге қарсы ойыннан кейін осыдан тура бір апта бұрын мәлімдеген болатын.

Капитаннан соң іле-шала Серхио Агуэро мен Хавьер Маскерано да халықаралық карьерасын аяқтады. Тағы бірнеше футболшы ойлануға уақыт алды.

Лионельдің мәлімдемесінен кейін аргентиналықтар әлеуметтік желілерде Мессиден қайтып келуді өтініп науқан ұйымдастырған болатын. Тіпті өткен аптаның соңында Буэнос-Айресте жанкүйерлер шеру де ұйымдастырды.

Месси және Аргентина құрамасы осымен қатарынан үш ірі турнирде (ӘЧ-2014, Америка кубогы-2015, Америка Кубогы-2016)  финалдық кездесуде есе жіберіп алып жүр.

BNews.kz