Қазақ күресі Федерациясының өкілі Тастанбек Есентаев төрт спортшының қанынан мельдоний препораты табылғанын айтты. Допинг тесттен өтпей қалған Мереке Тұраев, Александр Косачев, Айбек Нұғұманов пен Самир Мамедов жарыстан шеттетілді. 

 
«Халықаралық деңгейге көтерілу үшін біздің спортшылар Анти-допинг агенттігінде тексерістен өту керек», - деді Тастанбек Есентаев. Естеріңізге салайық, биылдан бастап мельдоний тиым салынған заттар тізіміне енген.