Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының екінші күнінде жанкүйерлер үш матчты тікелей эфирде тамашалай алады.

Астана уақытымен 18:50-де «KazSport» телеарнасынан «А» тобындағы Албания мен Швейцария матчы көрсетіледі. Ал кейін «B» тобындағы қос матч көрермендерге жол тартады. 21:50-де Уэльс пен Словакия құрамаларының ойыны бастау алса, 00:50-де Англия мен Ресей кездесуінің трансляциясы басталады. Бұл екі матчты да «Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетеді.