Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Франция құрамасы Румыния командасынан айласын асырды.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. Оливье Жиру француздарды есепте алға шығарған, бірақ көп ұзамай румындар пенальтиден таразы басын теңестірді. Матчтың 89-минутында Димитрий Пайе турнир қожайындарына жеңіс сыйлады.

Франция 2:1 (0:0) Румыния

Голдар: 1:0 – 57 Жиру, 1:1 – 65, Станку пенальтиден, 2:1 – 89 Пайе.

Франция: Льорис, Косьельни, Эвра, Санья, Рами, Матюиди, Канте, Пайе (Сиссоко, 90), Погба (Марсьяль, 77), Гризманн (Коман, 66), Жиру.

Румыния: Тэтэрушану, Кирикеш, Рац, Сэпунару, Григоре, Станчу (Кипчу, 72), Хобан, Пинтилий, Попа (Торже, 82), Станку, Андоне (Алибек, 61).

Ескертулер: Кирикеш (32), Рац (45), Жиру (68), Попа (78).

«Стад де Франс», Париж