«Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚПЛ 15-турындағы «Ақтөбе» мен «Тобыл» матчы кейінге шегерілмейтінін айтты.

«Матчты кейінге шегеру туралы ресми хабарлама болған жоқ, сондықтан матч осы сенбіде болады. Ал кеше біз кездесудің кейінге шегерілмейтіні туралы хабарлама алдық. Команда «Тобылға» қарсы ойынға штатты режимде дайындалып жатыр», - деді Васильев.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде бірнеше күннен бері контр-террористік операция жүріп жатыр. Ал ойын 11 маусымда ақтөбелік уақытпен 19:00-де басталады.