«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Димитар Димитров Францияда өтетін Еуропа чемпионаты жайлы айтып берді.

— ЕУРО-2016 - Еуропадағы ең ірі жарыс. Әдемі ойындардың куәгері боламыз деген ойдамын.

— Керекуде ЕУРО-2016-ның кездесулерін сағат 19.00, 22.00 және 01.00-де көрсетеді...

— Қай уақытта көрсететіні бәрібір. Мұндай кездесулерді жіберуге болмайды.

— Медальға кім таласады деп ойлайсыз?

— Франция, Германия, Испания. Сондай-ақ, Англияны бұл тізімге қосуға болады.

— Ресей мен Украина құрамасынан қандай нәтиже күтуге болады?

— Қос құрама мықты, бірақ фавориттер қатарына жатпайды.

— Еуропа чемпионаты барысында «Ертістің» ойыншыларына түнгі ойындарды тамашалауға тыйым саласыз ба?

— Тыйым салсам да, оларды бақылай алмаймын ғой. Олар бәрібір де көретін сияқты (күледі). Бұған қоса жаттығуларымыз түстен кейін.

— Еуропа чемпионатының ақтық кезеңінде Қазақстан мен Болгария құрамасын қашан көреміз?

— Бұл өмірде көретін шығармын деген ойдамын (күледі). Қазақстан туралы айта алмаймын, бірақ Болгарияда қазір проблемалар көп: талантты жас ойыншылар аз, бұған қоса ұйымдастыру жағы нашар.