Қазіргі таңда «Қайрат» намысын қорғап жүрген Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин ЕУРО-2016 турниріне қатыспайтынын қашан түсінгенін айтып берді.

 - 2008-ші жылдан бері біраз тәжірибе жинадым. Қазір сегіз жыл бұрын сияқты әдемі ойын көрсетіп жүрген жоқпын. ЕУРО-2016 турниріне қатыспайтынымды қашан білдім дейсіз бе? 2013-ші жылы. Сол жылы мен клубтың қосалқы құрамында қалып, Ұлттық құрамаға шақырту алуды қойдым, — деді Аршавин «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.