«Ертістегі» жалақысына наразы болған грузиялық легионер Гогита Гогуа шымкенттік клубпен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы «Ордабасының» ресми сайты хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, Гогита Гогуа жаңа маусымды керекулік «Ертіс» сабында бастаған болатын. Грузиялық футболшы ел чемпионатындағы 14 кездесуде 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.