«Ливерпуль» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Даниэль Аггер үлкен спортпен қош айтысқанын айтты.

Бұл туралы футболшының өзі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 31-жастағы орталық қорғаушы бұған дейін «Брондбю», «Ливерпуль» және Дания құрамасының намысын қорғаған болатын.