Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон Францияда өтетін додада ең көп жалақы алатын бапкерлердің көшін бастады.

Рой Ходжсонның жалақысы тура 1 692 000 000 тг құрап отыр. Үздік бестікке Италия құрамасының бас бапкері Антонио Конте(1 504 000 000 тг), Фатих Терим (Түркия, 1 052 800 000 тг), Йоахим Лёв (Германия, 1 015 200 000 тг ) және Висенте дель Боске (Испания, 940 000 000 тг) кірді. Тізімнің соңына Ресей құрамасының бапкері Леонид Слуцкий орналысыпты.

Тізімнің басында орналасқан Рой Хожсонның шәкірттері 11-маусым күні ең төмен жалақы алатын Слуцкий бапкердің шәкірттерімен «Велодром» стадионында кездеседі.