«Уралдың»президенті Григорий Иванов чилилік жартылай қорғаушы Херсон Асеведоның алматылық «Қайратқа» көшетінін растады.

«Сапета бізге әлі өз жауабын айта қойған жоқ. Біз оған жаңа ұсыныс жасадық. 10-маусымда белгілі болып қалар. Асеведо «Қайратқа» кетті», - деді Г. Иванов «Спорт Экспресске» берген сұхбатында.

Осы маусымның соңында Асеведо «Уралдан» кеткен болатын.  Алматылық «Қайрат»  чилилік жартылай қорғаушыны алуы мүмкін деген ақпарат болды да. Қайрат Боранбаев «Қайрат» бір ойыншыны алғанын хабарлаған болатын. Бірақ онымен таныстыру тек 11-маусымда болатынын айтып өтті.  

Transfermarkt.de сайтының ақпаратына сүйенетін болсақ Асеведоның құны 3 миллион евроны құрайды екен. Осы көрсеткішпен ол ҚПЛ-да ең қымбат ойыншыға айналады.

Ақпарат https://vesti.kz/ сайтынан алынды.