«Астананың» қақпашысы Ненад Эрич сербиялық Mozzart Sport басылымына берген сұхбатында, неліктен Қазақстан құрамасына ойнамай жүргенін айтып берді.  - Біз чемпионатты жақсы бастадық. «Қайрат» бізден 11 ұпайға ұтылуда. Біздің мақсатымыз – «алтын дубль» жасап, Еуропада жақсы өнер көрсету. Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімін асыға күтудемін. Былтырғы жетістігімізді қайталағымыз келеді, тіпті Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып жатсақ та жақсы нәтиже болады. 

- «Астананың» құрамасы былтырғымен салыстырғанда қаншалықты өзгерді?  

- Бірқатар ойыншыларымыз кетті. Еурокубоктар алдында жаңа футболшылар келеді деп күтілуде.- Қазақстан құрамасына неліктен ойнамай жүрсіз?

- Әзірге Қазақстан құрамасына ойнай алмаймын. Қазіргі таңда, УЕФА-ның арнайы құжаттарын күтіп жүрмін.