Футболдан Америка кубогының топтық кезеңі аясында Эквадор құрамасы Перумен тең тарқасты.
Тартысты өрбіген матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесудің бірінші таймында перулік ойыншылар екі гол соқты – Кристиан Куэва мен Эдисон Флорес голдың авторы атанды. Ал бірінші кезеңнің соңында Эннер Валения есеп айырмасын қысқарта алды. Ал екінші таймда Миллен Боланьос таразы басын теңестірді – 2:2.
Осылайша, Перу мен Бразилия «В» тобының екінші турынан кейін төрт ұпаймен көш бастап келеді.
Комментарии