Еуропа чемпионатына дайындық барысында Португалия құрамасы өзінің соңғы жолдастық матчын өткізді.

Лиссабонда Эстонияға қарсы өткен ойында португалиялықтар 7:0 есебімен жеңіске жетті. Роналду мен Куарежма дубльден жасап шықса, Данилу Перейра мен Эдер бір голдан соқты. Тағы бір голды Метс өз қақпасына салды.

Португалия 7:0 (3:0) Эстония

Голдар: 1:0 – 36 Роналду, 2:0 – 39 Куарежма, 3:0 – 45 Роналду, 4:0 – 55 Данилу Перейра, 5:0 – 61, автогол Метс, 6:0 – 77 Куарежма, 7:0 – 80 Эдер.

Португалия: Руй Патрисиу, Пепе (Карвалью, 58), Геррейру, Соареш (Виейринья, 46), Фонте, Моутинью (Саншеш, 58), Данилу Перейра (Вильям Карвалью, 70), Куарежма, Жоау Мариу (Эдер, 59), Андре Гомеш, Роналду(Нани, 46)

Эстония: Лондак, Баранов, Калласте, Метс, Тенисте, Антонов, Дмитриев(Саппинен, 63), Круглов (Марин, 66), Пури (Гусев, 87), Клаван (Раудсепп, 68), Аньер (Васильев, 70)