Футболдан Түрікменстан құрамасы мен «Ертістің» бұрынғы футболшысы Дидарклыч Уразов 40-жасында өмірден озды. 

Дидарклыч Уразов - Түрікменстандағы ең танымал футболшыларының бірі. Ашхабадтық «Ниса» футбол мектебінің түлегі. Жергілікті ұжыммен бірнеше рет ел чемпионатын жеңіп, біріншіліктің үздік бомбардирі атанған. 2002-ші жылы Уразов «Ертіс» клубына ауысып, керекулік клубпен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, Дидар «Тобыл» мен «Металлист» сабында өнер көрсеткен. 

Дидар Уразовтың жетістіктері: 

— Алты дүркін Түрікменстан чемпионы: 1996, 1999, 2001, 2003, 2010, 2011— Түрікменстан кубогының иегері: 1998— Түрікменстан чемпионатының үздік бомбардирі: 1999, 2001— Қазақстан чемпионы: 2002— Қазақстан кубогының иегері: 2007— Интертото кубогының жеңімпазы: 2007