Харьковтік «Металлисттің» бұрынғы ойыншысы Артем Касьянов мансабын Қазақстанда жалғастырады, деп хабарлайды ua-football.com.

33-жастағы жартылай қорғаушы талдықорғандық «Жетісумен» келісімшартқа отырды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Касьянов алты жыл бойы шымкенттік «Ордабасының» намысын қорғаған. Оңтүстік қазақстандық клуб сабында Артем 156 матч өткізді.  

Айта кетер жайт, «Жетісу» ел чемпионатының 14-ші турынан кейін турнир кестесінде 16 ұпаймен 7-ші орында келеді.