Футболдан Америка кубогы аясында «А» тобының екінші турында Колумбия құрамасы Парагвайды 2:1 есебімен ұтты. 

Карлос Бакка матчтың 12-ші минутында таблода есеп ашты. Артынша, Колумбия құрамасының капитаны Хамес Родригес екінші голдың авторы атанды. Матч соңына дейін Паргавай бір гол ғана қайтара алды. 71-ші минутта Виктор Айяла көзге түсті. Осылайша, Колумбия құрамасы топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Америка кубогы - 2016. А тобы. 2-ші тур

Колумбия – Парагвай – 2:1

Голдар: Бакка, 12, Родригес, 30, Айяла, 71.