Қытайлық Sohu.com порталы Қазақстанға қарсы жолдастық кездесудегі өз ұлттық құрамаларының ойынын сынға алды. 

«Біз екі матчта үш гол жібердік. Тринидад және Тобого, Қазақстан құрамаларынан - ең мықты командалар емес қой. Қорғанысымыздағы жағдай бақылаудан шығып барады, Гао Хунбоға осы мәселені шешу қажет. Бұған үш қана ай қалды. Кейін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Оңтүстік Корея да, Иран мен Өзбекстан да біздің мұндай қателерімізді кешірмейді», - деп жазды басылым. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы Қытайда 1:0 есебімен жеңген болатын. Ойындағы жалғыз голды Азат Нұрғалиев соқты.