Павлодарлық клуб қазақстандық футболшы Бауыржан Жолшиевпен және франциялық, бразилиялық және португалиялық легионермен келіссөз жүргізіп жатыр. 

«Ертіс» ұлттық құрамаларға шақырылған футболшылар мен жарақат алған Владимир Воменко және Семир Керл жоқ кезде орындарын толтыратын жаңа ойыншыларды іздеуде. «Ертіс» ҚПЛ-дің 15-турындағы «Ордабасыға» қарсы ойынға дайындық үстінде. Дәл қазір клуб құрамды күшейту бойынша жұмыс жасап жатыр.