Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс жаттықтыратын Грузия құрамасы жолдастық кездесуде Испания командасынан басым түсті. 

Кездесу Хетафедегі «Колисеум Альфонсо Перес» стадионында өткен, ойын 0:1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 40-минутта Торнике Окриашвили соқты. 

Осылайша, Грузия құрамасы Испанияның 11 матчтан тұратын жеңіліссіз сериясына тоқтау қойды. 

Жолдастық матч

Испания – Грузия – 0:1

Гол: Окриашвили, 40 (0:1)