АҚШ құрамасы Америка кубогының топтық кезеңіндегі екінші матчта Коста-Риканы 4:0 есебімен тас-талқан етті.
Бірінші таймда америкалықтар сабында Клинт Дэмпси, Джермейн Джонс және Бобби Вуд көзге түсті. Ал ойын аяқталар тұста Грэм Зуси дәл соққымен матчтың нүктесін қойды - 4:0. Бұл Юрген Клинсманн шәкірттері үшін өз елінде өтіп жатқан турнирдегі алғашқы жеңіс болды - бірінші турда америкалықтар Колумбия құрамасына жол берген еді.
Енді топтық кезеңнің шешуші матчында АҚШ парагвайлықтармен күш сынасады.
Америка Кубогы - 2016
«А» тобы
АҚШ - Коста-Рика - 4:0 (3:0)
Голдар: Дэмпси, 9 - пен. (1:0). Джонс, 37 (2:0). Вуд, 42 (3:0). Зуси, 87 (4:0).
Комментарии