Қазақстандық ойыншының аяғын сындырған қытайлық футболшы кешірім сұрады. Жэнь Хан Ұлан Қонысбаевтың ауыр жарақат алғанына алаңдайтынын жеткізді. 
 
Естеріңізге салайын, кеше футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайды 0:1 есебімен жеңді. Матчтың 41-ші минутында қытайлық қорғаушы допқа таласқан ойыншымыздың аяғын сындырып тастады. Қонысбаев жедел түрде емханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. "Атырау" футбол клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы жасыл алаңға қашан оралатыны зәрге белгісіз.