Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері Талғат Байсуфинов Қытай құрамасымен болған ойын жайлы өз ойымен бөлісті.

 «Осы ойынды ұйымдастырған Қытай еліне алғысымызды білдіреміз. Командалар жақсы ойын көрсетті. Бізді қолдап, жанкүйерлік еткен жандарға алғысымыз шексіз. Ал жарақат алған ойыншыға келетін болсақ, ойын барысында қақтығыс орын алды. Ойыншымыздың аяғы сынды. Осындай қақтығыстар әр ойында болып тұрады. Себебі бұл – футбол. Алаңда нағыз еркектер ойнайды. Тайм аралық демалыс кезінде жігіттерден қызуқандылыққа бармауын сұрадық. Жарақат алған ойыншымыз үшін кек алу біздің жігіттердің ойында болмады», - деп айтып өтті Талғат Байсуфинов

«Біз қарсылас команданы үлкен жылдамдықпен ойнап, бізді жарты алаңнан бастап күтіп алады деп ойлағанбыз. Сол үшін де осы жағдайдан шығу керек болды. Біз жігіттерге допты қарсылас команданың жарты алаңында ұстауға нұсқау бердік. Бірақ Қытай құрамасының жігіттері жылдам ойын көрсетпеді. Біз өз жоспарымызды ауыстыруымызға тура келді. Орталық қорғаушылардың қателігін өз пайдамызға шешіп, гол соқтық. Әлі де кеткен қателермен жұмыс жасауымыз керек.  Болашақта ойланатын дүние көп», - деп аяқтады Талғат Байсуфинов.Ақпарат https://vesti.kz/ сайтынан алынды.