Футболдан Қытай мен Қазақстан құрамасы арасында өткен жолдастық кездесу 0:1 есебімен аяқталды.

Жалғыз голдың авторы – Азат Нұрғалиев. Шымкенттік “Ордабасының” шабуылшысы ойынның 67 минутында көзге түсті.

Айта кетейік, бірінші таймның соңында жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев ауыр жарақат алып, аяғын сындырып алды.

Осылайша, уақытша бас бапкер Талғат Байсуфинов жаттықтырушы ретінде құрамаға екінші рет жеңіс сыйлады.