Бүгін футболдан Америка кубогы аясында «D» тобының 1-ші тур ойындары өтті. 

Аргентина құрамасы жарыстың қазіргі жеңімпазы Чилиді 2:1 есебімен жеңді. Ди Мария мен Банега соққан допқа чилиліктер Фуэнсалиданың голымен жауап берді.

«D» тобының екінші кездесуінде Панама құрамасы Боливиядан басым түсті – 2:1. Блан Перес дубльдің авторы атанса, Боливия сабында Хуан Арсе бір гол қайтарды.