Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Литва құрамасының ойыншылары Артурас Жулпа мен Георгас Фрейдгеймас Польшаға қарсы жолдастық кездесуге қатысты. 

Аталмыш кездесу Польшаның Краков қаласында өтті. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа пен «Ертістің» қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас жасыл алаңда толық 90 минут өткізді.