«Ертістің» грузиялық легионері Гогита Гогуа бүгін керекулік клубтан кетеді, деп хабарлайды ProsportKz.kz тілшісі. 

Грузиялық футболшының «Ертіспен» келіссөздері сәтсіз аяқталды. Енді Гогуа жақын күндері шымкенттік «Ордабасыға» ауысады. 

Естеріңізге сала кетсек, Гогуа «Ертіске» биылғы маусым алдында ауысқан болатын. Грузиялық футболшы керекулік клуб сабында өткізген он екі матчта 4 гол соқты.