«Тобыл» ФК басшылығы қостанайлық клубтың жанкүйерлерін Ақтөбеге апармау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз-қызметі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында «Тобыл» өз жанкүйерлерін Ақтөбеге апармақшы болған, бірақ соңғы оқиғаларға байланысты қостанайлық клубтың жоспары өзгерді.