Шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубы Бірінші лиганың 9-шы турында «Байқоңырдың» қақпасына алты жауапсыз гол соқты. 

«Алтай» сабында Сергей Шафф дубльдің авторы атанса, Еркебұлан Нұрғалиев, Константин Заречный, Пламен Димов пен Алексей Шакин бір-бір голдан енгізді.