Бірінші лигада өнер көрсететін «Екібастұз» футбол клубы биылғы маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.  

«Экібастұз» сырт алаңда елордалық «Бәйтеректі» 2:0 есебімен ұтты. Ойынның 6-шы минутында Айдын Бралин таблода есеп ашса, 66-шы минутта Мұратхан Зейноллин нәтижені қорытындылады.