Бейресми ақпаратқа сүйенсек, «Ақтөбенің» бұрынғы қорғаушысы Айоделе Аделейе жақын арада алматылық «Қайратқа» ауысуы ықтимал. 

Естеріңізге сала кетсек, 27-жастағы Аделейе былтыр «Ақтөбенің» намысын қорғаған болатын. Қазақстан чемпионатында нигериялық футболшы 29 матч өткізіп, бір гол соқты.   

Бұған дейін Аделейе грекиялық ОФИ, «Эрготелис», ресейлік «Анжи», «Кубань», украиналық «Таврия», «Металлург», голландиялық «Спарта» (Роттердам) мен нигериялық «Шутинг Старс» клубтарында өнер көрсетті.