«Леганес» клубы өзінің 88 жылдық тарихында тұңғыш рет Испанияның жоғарғы дивизионына жолдама алды.

Сегунданың соңғы турында «Леганес» қонақта «Мирандесті» 1:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде екінші орын еншіледі. Осылайша, бұл клуб Ла Лигаға жолдама алды. «Леганес» Испанияның ең жоғарғы дивизионы тарихындағы 61-ші команда болмақ.

Айта кетейік, 1928 жылы құрылған «Леганестің» өз тарихындағы ең үздік нәтижелері – Сегундада сегізінші орын алуы (1995/96, 1996/97 жылдары).