«Қайрат» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншыларын ешқайда жібермейтінін мәлімдеді. 

Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайтынан белгілі болды. 

Жібермеудің себебі, Қытай-Қазақстан жолдастық кездесудің өту күні (7-ші маусым) FIFA-ның ресми кестесінде көрсетілмеуінде. Бұған қоса, бұл матчтың кесірінен Қазақстан чемпионаты ойындарының өту күндері өзгерді. Ал бұл мәселені шешетін ҚКФЛ-ның отырысы заңға сай өтпеді. Аталмыш себептерге байланысты, «Қайрат» ФК өз ойыншыларын Қазақстан құрамасына жібермеді.