Керекулік «Ертістің» бұрынғы бас бапкері Дмитрий Черышев «Мордовияның» тізгінін ұстады, деп хабарлайды ресейлік клубтың ресми сайты. 

47-жастағы маман жаңа клубымен екіжылдық келісімшартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, «Ертістен» кеткен Дмитрий Черышев биылғы маусым алдында «Севильяның» бапкерлік құрамына еніп, испаниялық ұжыммен Еуропа Лигасын жеңіп алған болатын.