Украина құрамасы Италияда өткен жолдастық кездесуде Албанияны қапы қалдырды.

Ойын 3:1 есебімен аяқталды. Кездесудің есебін Тарас Степаненко ашқан, бірақ албаниялықтар Армандо Садикудің голымен жауап қатты. Кейін Андрей Ярмоленко мен Евгений Коноплянка украиналықтарға жеңіс сыйлады.

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук алаңға 90-минутта шықты.