Ресейлік қорғаушы Антон Григорьев «Тараз» сабына ауысуы мүмкін.

Антон Григорьев өз мансабын мәскеулік ЦСКА-да бастаған. Сондай-ақ, «Кумань», «Алания», «Тосно» және «Верис» клубтарының намысын қорғады. Ал былтыр «Атырау» сабында өнер көрсетіп, 30 матчта үш гол соққан.

Ресей чемпионатында топ жарып, үш рет Ресей кубогы мен Ресей Суперкубогын жеңіп алды.