«Лестер» футбол клубы «Ганновердің» голкипері Рон-Роберт Циллермен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы «Лестердің» ресми сайтынан белгілі болды.

27-жастағы қақпашыны сатып алу үшін Англия чемпионы 3 миллион еуро жұмсады.

«Керемет маусым өткізген команда сабына ауысқаныма өте қуаныштымын», - деді германиялық ойыншы «түлкілердің» ресми сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, Рон-Роберт Циллер 2014-ші жылы Германия сабында әлем чемпионатын жеңген болатын.