Бірінші Лигада өнер көрсететін «Екібастұздың» футболшыларына ақырындап жалақы беріле бастады, деп хабарлайды ProsportKz.kz.

Сондай-ақ, қала әкімі жақын күндері барлық қарыздардарды өтейтініне уәде берді. Әзірге ойыншылар толық жалақыларын алған жоқ, бірақ бұл мәселе жақын күндері шешілуі тиіс. Осылайша, «Екібастұздың» Астанадағы келесі ойыны өз мерзімінде өтеді.   

Естеріңізге сала кетсек, «Екібастұздың» ойыншылары мен жұмысшылары соңғы екі айда жалақы алмаған болатын.