Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Калоян Петков Израильмен өткен кездесу жайлы айтып берді. 

«Негізгі құраманың алты ойыншысы бүгінгі ойынға қатыспады. Біреулері жарақат алса, кейбіреулері сары қағаздың көп болуына байланысты кездесуге қатыса алмады. Соған қарамастан, жас ойыншыларымыз өздерін мықты қырынан көрсетті. Ал жеңісті голды біздің тәжірибелі шабуылшымыз Мария Ялова соқты. Ол осыдан бірнеше күн бұрын әкесінен айырылған болатын. Матч туралы айтатын болсақ, қателер болды. Бірақ бастысы жеңіске жеттік», - деді Петков kff.kz сайтына.