Бүгін кешке АҚШ-тың 10 қаласында Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағының чемпионаты КОНКАКАФ басталады.

Бұл аламанда Оңтүстік Америкадан 10 команда Солтүстігінен 6 құрама 4 топқа бөлініп, бақ сынайды. А тобында Алаң иелері АҚШ, Колумбия, Коста Рика, Парагвай құрамалары бар. В тобында Бразилия, Эквадор, Гайти, және Перу ойнаса. С тобында Мексика, Уругвай, Ямайка және Венесуэла. D тобында былтырғы чемпиондар Чили және дәл осы командаға есе жіберген соңғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы мен Панама және Боливия командалары 26-шілдеге дейін ойын көркін қыздырады.

Ойын шымылдығын 3-нен 4 қараған түні сағат 00:30 да Клинт Демпси бастаған АҚШ пен Колумбия командалары ашады. Бұл аламанда Бразилия құрамасы сапында 2002 жылғы әлем чемпионы Кака өнер көрсетсе, қазіргі таңдағы Барселонаның негізгі ойыншысы Неймар тізімде жоқ.