Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Манисаспор» футбол клубы «Ордабасының» шабуылшысы Эдин Юнузовичті өз қатарына қоспақшы, деп хабарлайды manisakulishaber.com.
 
Түркиялық ұжымның бапкерлік құрамасы сербиялық шабуылшының ойынын тамашалап, Юнузовичтің агентімен келіссөздерді бастады. 
 
Биылғы маусымда Эдин шымкенттік клуб сабында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген болатын.