«Тараз» бен «Астана» командалары арасындағы кездесулер тарихына көз жүгіртейік. Аталмыш қос клуб Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясында кім мықтыны анықтайды.

2 - ші жұлдызына жоспарланған. Бұл турда Жамбылдықтар өз алаңында өткен жылғы ел чемпионы "Астана" футбол командасын қабылдайды. Құрылғанына небары 7-жыл болған Елордалық клубтың аз уақыт ішінде биік белестерді бағындырғаны белгілі. Енді қос команданың осы уақытқа дейін өткізген ойындарына келсек: Тараз және Астана командалары ел чемпионатында алғаш рет 2009 жылы кездесіп, сол сында Астана командасының жолы болып кеткен болатын. Өткен 7 - жыл ішінде бұл екі футбол ұжымы 14- рет кездесіп, оның 9- ойынын елордалықтар жеңсе, 2 - ойынды тараздықтар ұтты. 2- ойын тең аяқталған.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстан премьер - лигасының өткен 2015 жылғы кезеңінде Тараз командасы Астананы өз алаңында 2:0 есебімен ұтқан еді.

«Тараз»  ФК баспасөз қызметі