Франциялық «Тулуза» футбол клубы «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоуға қызығушылық танытып жүр.

Бұл туралы Africa Top Sports басылымы хабарлайды. Франциялық ұжым жаңа маусым алдында «Қайраттан» ивуарлық футболшыны сатып алмақшы.

Естеріңізге сала кетсек, Жерар Гоудың трансферлік құны шамамен 2 миллион еуроны құрайды.