Алматылық «Қайраттың» ресейлік ойыншысы Андрей Аршавин «PROСПОРТ» тілшісіне «Ақжайыққа» қарсы кездесу жайында, туған күнінің қалай өткенін, Кахабер Цхададзенің футболшыларды жігерлендіру үшін айтқан сөздері туралы әңгімелеп берді.
- «Ақжайыққа» қарсы толық ойын өткізгеннен кейін өзіңізді қалай сезінудесз?
- Жақсымын. Өте ауыр ойын болды.
- Анаңыз туған күніңізге торт жіберіпті. Сәлемдеме уақытында келді ме?
- Иә, матчқа бір күн қалғанда келді, бірден жеп бітірдім.
- Анаңыздың торты «Ақжайыққа» қарсы кездесуде өз әсірен тигізді ме?
- Тек жаман жағынан (күледі).
- Анаңыз Алматыға келіп, баласымен қауышып, сіздің ойыныңызды стадионнан көруге қашан келмек?
- Келуі керек, бірақ қазір емес. Кейін келе жатар.
- Әріптестеріңіз туған күніңізбен қалай құттықтады?
- Жеңіске жетіп, құттықтаймыз деп уәде берген. Сөздерінде тұрды.
- Соңғы ойында сіздің дәл пастарыңызды Жерар Гоу пайдала алмады. Бұл жайында не ойлайсыз?
- Кейде ол мүмкіндігін мүлт жіберіп алады, енді бірде мен дәл пас бере алмай қалатын жағдай болады.
- «Ақжайыққа» қарсы кездесудің бірінші таймы аяқталғанда Кахабер Цхададзе ойыншыларға бірнәрсе айтты ма?
- Біздің жақсы ойыншы екенімізге күмән келтірмейтінін айтты. Нағыз жігіттікті дәлелдеуді сұрады! Үзіліс бізге ойынның бағытын өзімізге қарай аударуға деген берілген мүмкіндік екенін жеткізді. Соның арқасында ойын соңында жеңісті жұлып алдық.
- Көптеген футболшылар 38-40 жасқа дейін өнер көрсетеді. Сіз 35-ке толдыңыз…
- 35 жасымда ойнап жүргенім – ерлік. Ары қарай не боларын көре жатармыз.
Комментарии