Ресейлік «Ростов» клубының бас бапкері Курбан Бердыев команда басшылығы қаржы жағынан кепілдік берсе ғана қызметінде қалатындығын жеткізген.
 
Жаңа келісімшарт бойынша, егер клуб керекті қаржылық көмекті көрсете алмаса Курбан Бердыев бас бапкер қызметінен кез келген уақытта кетуге мүмкіндігі болады.
 
Айта кетейік, «Ростов» командасында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді.